«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ашық есік күні өткізілді

None
None
sp;ОРАЛ. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ашық есік күні өткізілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда алдымен халықты ауызсумен қамту мәселесі талқыланды. «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы Алдияр Халеловтің айтуынша, алдағы уақытта Балаган елді мекенінен аудан орталығына дейін су құбырын тартуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбек. Ашық есік күнінде ауылдық жерде кадр жетіспеушілігі де сөз болды. Мәселен, жаңадан салынған аудандық аурухана қазіргі заманғы құрал-жабдықпен жасақталуда. Бірақ соның тілін білетін маман жеткіліксіз. Аудан прокуроры Асан Арыстанов қылмыстық ахуалға тоқталса, Қасым Аманжолов атындағы орта мектеп мұғалімі Эльвира Абдуллина жас мамандарға берілетін пәтер мәселесі мен бастауыш сынып оқушыларына ыстық тамақ берудің тоқтап қалуы жөнінде сауалдар қойды. Ауданда пәтермен қамту жақсы жолға қойылған. Мәселен, Трекинде төрт, Макаровта екі, Щаповта үш мұғалімге үй берілген. Ал бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту болашақта қайта қаралмақ.

Соңғы жаңалықтар