«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы Қызылағаш ауылында зардап шеккендерге 48 миллион теңге көмек жинады

None
None
СТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы арқылы Қызылағаш ауылының су тасқынынан зардап шеккен азаматтарына жиналған қайырымдылық көмек 48 миллион теңгеге жетті.

Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде аталған елді мекенге гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында елордадан атанған автокеруенге орай өткен баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов айтты.

«Өткен аптада Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылында орын алған апатты оқиға барлығымыздың қабырғамызды қайыстырып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша 40 адам, оның ішінде 12 бала қаза тапқан. Осы күндері Елбасымыздың бастамасымен бүкіл ел болып, апаттан зардап шеккен адамдарға қолдан келген көмектер жасалуда», деді Ә.Рахымжанов.

Оның айтуына қарағанда, елорда жұртшылығы да өз көмектерін көрсетуде белсенділік танытуда. Суық хабар жетісімен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бастамасымен шұғыл түрде партияның қалалық филиалында арнай штаб құрылған. Осы штаб қазіргі уақытта қаладағы 200-ден астам бастауыш партия ұйымдарында ұйымдастырып, қайырымдылық көмек жинау жұмыстарын жалғастырып отыр.

«Соңғы мәліметтер бойынша қазірдің өзінде партияның «Бірлік» филиалы 9 миллион 900 мың, «Астана құрылыс сервис» 17 миллион, ал жалпы алғанда партияның елордалық ұйымдар бойынша жиналған қайрымдылық көмек 48 миллион теңгені құрады» деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ штабтың 35-27-34 тікелей желісінің үздіксіз қоңырау қабылдап, елорда тұрғындары зардап шеккен ауыл тұрғындарына қажетті киім-кешектер жеткізіп жатқандығын, қажетті киім-кешек жиналғаннан кейін келісі автокеруен жөнелтілетіндігін атап өткен Ә.Рахымжанов «жаман айтпай жақсы жоқ», демекші мұндай өрт, су тасқыны сияқты апаттар кез кеген халықтың басына тууы мүмкін. Осы орайда апат орын алған аймаққа ел болып көмек қол созғанымыз халқымыздың бірлігін көрсетіп отыр», деп түйіндеді сөзін.

Соңғы жаңалықтар