«Нұр Отан» филиалы Астанада жағдайы төмен отбасыларды қолдау мақсатында «Балаларды мектепке дайындайық» акциясын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалына қарасты Алматы және «Нұр» филиалдары жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрге айналған жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Балаларды мектепке дайындайық» акциясын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, олардың ата-аналарына көмек көрсету болып табылады, деп хабарлайды nurotan.kz.

«Бақытты балалық» партиялық жобасы аясында өткізілгелі отырған қайырымдылық шараға Астана қаласы мәслихатының депутаттары, филиал басшылар атап айтар болсақ, Алматы аудандық филиалының төрағасы Абай Байгенжин мен «Нұр» филиалының төрайымы Жәмила Нұрманбетова, елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков қатысты.

Алматы аудандық филиалының Оқушылар сарайында өткізген шарасында қамқорлық танытқан «Highville Kazakhstan» ЖШС басшылығы арнайы келіп, сөз сөйлеп балаларға жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ өткен қайырымдылық шарасына аталған оқу орнының бірінші проректоры Жәмила Нұрманбетова қатысып, аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен балаларға базарлық ұсынып, олардың ата-аналарының алдында сөз сөйлеп, үміт отын жақты. Екінші болып сөз алған елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков барлығын келе жатқан жаңа оқу жылымен, Ата заңымыздың 20 жылдығымен құттықтап сөмкелер мен оқу жылына қажетті заттарды балаларға табыс етті. Шара мұнымен ғана жалғасып қоймай, арты концерттік бағдарламаға ұласты.

Соңғы жаңалықтар