+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Nur Otan еліміздің оңтүстік өңірлерінде қандай проблемаларды шешуге атсалысады

2020 жылғы 24 қыркүйек 13:18
Бөлісіңіз:
Nur Otan еліміздің оңтүстік өңірлерінде қандай проблемаларды шешуге атсалысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» халықпен талқылау үшін еліміздің оңтүстік өңірлері бойынша сайлауалды бағдарламаларының жобаларын жариялады. Олармен primaries.kz сайт арқылы танысуға және ұсыныс енгізуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Nur Otan партиясын қолдау деңгейі 76,8% құрайды «Birgemiz»: ШҚО-да 7 мыңға жуық отбасы 50 мың теңгеден алды

Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы әр өңір, қала мен ауданға арнап 216 сайлауалды бағдарламаның жобасын әзірледі. Президент жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында оларды жалпыреспубликалық партияішілік праймериз қорытындысы бойынша үздік идеялар мен ұсыныстарды жинап, краудсорсинг қағидатымен пысықтамақ.

Сонымен, Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындарын ашуға баса назар аударылады.

5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін бірден 33,9%-ға арттыру жоспарлануда. Бұл ретте «Nur Otan» партиясы 7 жаңа су қоймасын салу, суару арналары мен дренаж жүйелерін қайта жөндеу есебінен 34,5 мың га суармалы жерді қалпына келтіруге қол жеткізбек.

Автомобиль жолдары мен жолаушылар тасымалының сапасын арттыру үшін 2025 жылға дейін облыстың барлық аудандарында 1200 км жол төсеу және жөндеу, сондай-ақ, автобус паркін 52-ден 90%-ға дейін жаңарту көзделіп отыр.

Халық саны 200 адамнан асатын ауылдар орталықтандырылған су жүйесімен жабдықталмақ. 2023 жылға қарай 119 ауылды немесе 125 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2025 жылға дейін 107 елді мекендегі 128 мың тұрғын орталықтандырылған газбен қамтылады. Бес жыл ішінде облыстың қалалары мен аудандарында 156 тұрғын үй салу жоспарлануда.

Экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес, 158 қоқыс үйінділері мен полигондар ретке келтіріледі. 2022 жылдың соңына дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу/жағу зауыты салынады. Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында тазарту құрылыстары кешенін салу жоспарлануда.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында партия 685 бірлік медициналық жабдық сатып алуды және жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесі үшін 4 жаңа денсаулық сақтау нысанын салуды ұсынады. Сондай-ақ, мүгедек балаларға арналған 4 оңалту және бейімдеу орталығын және зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған 2 дағдарыс орталығын ашу көзделуде.

Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарлама жобасының басым бағыттарының бірі – аймақішілік жолдардың сапасын арттыру. Ол үшін «Nur Otan» жолдардың 3600 шақырымын алдағы бес жыл ішінде жөндеуді қолға алмақ.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін партия ауылдық округтерде 49 сумен жабдықтау нысанының құрылысына, сондай-ақ 12 елді мекенде сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға ықпал ететін болады.

240 үй пайдалануға беріліп, 429 тұрғын үй мен нысанға күрделі жөндеу жүргізіледі.

Мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мақсатында өңірдегі киелі орындар – Ақ мешіт үңгірлері, Теректі әулие, Баба Түкті Шашты Әзиз, Ысхақ баба, Түркібасы әулие, Ысхақ Ата кесенелерін абаттандыру жоспарлануда.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Қызылорда облысында 67 мыңнан астам жұмыс орнын ашу және орташа жалақыны 164 мың теңгеге дейін арттыру міндеті қойылып отыр.

Шыны талшықты желілік және жоғары қысымды сорғы-компрессорлық құбырлар шығаратын зауыт салу, жалпақ шыны шығаратын және өңдейтін зауыттың құрылысы, Арал ауданында тауарлық балықты өсіру және қайта өңдеу кешенін кеңейту сияқты инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарда бар.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауыл шаруашылығын дамыту үшін Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт және су қоймасын салу көзделіп отыр.

Бүгінде облыста тұрғын үй кезегінде 30 мыңға жуық адам тұр. 1 170 көпқабатты тұрғын үйдің жартысы жөндеуді қажет етеді. «Nur Otan» партиясы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін шамамен 11 334 пәтер мен 26 787 жеке тұрғын үй салу міндетін қойып отыр. Құрылыс салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, көп қабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге ерекше назар аударылатын болады.

Медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында барлық қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген 27 жаңа денсаулық сақтау нысанын, 23 ауылдық дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы 11 жаңа мектеп салуға, сондай-ақ 54 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізуге уәде берді.

Алматы облысында сайлауалды бағдарлама аясында отандық өндірушілерді қолдауды күшейту, ауыл шаруашылығы саласында жаңа өндірістер құру, сондай-ақ көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жоспарлануда.

«Nur Otan» партиясының бастамасымен алдағы 5 жылда өңірде 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашып, орташа жалақыны 136-дан 174 мың теңгеге дейін көтеруге ниетті. 35 инвестициялық жоба іске асырылады, олардың ішінде мүйізді ұсақ мал етін өңдейтін ет зауытын, кенді қайта өңдеу зауытын, бройлер бағытындағы құс фабрикасын салу, сондай-ақ 100 мың адамға дейін тұратын Нұркент қаласының құрылысы бар.

Өңірде мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасады. 20 мың ірі қара малға арналған 26 бордақылау алаңын, 6,9 мың басқа арналған 18 сүт-тауарлары фермасын, 3 құс фабрикасын және ауданы 34 га болатын 4 жылыжайды салу жоспарлануда. Осы және басқа да шаралар 2025 жылға қарай АӨК саласында 10 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Партия өңір тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін 2025 жылға қарай 5,4 млн.шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр.

Қазіргі уақытта Алматы облысында үш ауысымды 38 мектеп жұмыс істейді, 146 мектеп бейімделген ғимараттарда орналасқан. «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында үш ауысымды оқытуды болдырмау үшін 39 жаңа мектеп, 57 бейімделген мектептің орнына 45 жаңа мектеп салмақ. Сондай-ақ 92 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT