«Нұр Отан» Атырау мен Павлодарда ІТ-мамандар дайындайтын орталықтар ашты

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау және Павлодар облыстарында «ІТ-мамандарды дайындау» партиялық жобасы негізінде ІТ-орталықтары іске қосылды, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының баспасөз қызметінен.

Жобаға ең алғаш болып Павлодардың Инновациялық Еуразия университеті үн қосқан. «ІТ-мамандарды дайындау» партиялық жобасын іске асыру аясында ЖОО-да ІТ-орталық ашылып отыр. Аталған іс-шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Арынова, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, ИнЕУ ректоры Марат Баяндин мен Аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мәди Сыздықов қатысты.

Бұл бүкіл Қазақстан бойынша ашылуы жоспарланып отырған 20 ІТ-орталықтың алғашқысы. Орталықта жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастар іріктеу сынағынан өтеді. Оны сәтті тапсырған жағдайда тыңдаушы оқуды бастайды. Қазірдің өзінде 44-тен астам өтініш түсті. «Нұр Отан» бұл жобаны «Атамекен» ҰКП бірігіп іске асырып отыр. Өз сөзінде Илья Теренченко атап өткендей, ұйымдастырушылар үшін ең маңыздысы - еңбек нарығында олар әрі қарай сұранысқа ие болатындай білікті мамандарды дайындау.

«Партиялық жұмысты әрі қарай жаңарту мақсатында партия басшылығы 22 жаңа жобаны қолға алғаны белгілі. Павлодар облысында жаңа партиялық жобаны іске қосу бойынша жұмыстар басталды. Соның ішінде, аймақта пилоттық режімде 3 жаңа партиялық жоба жүзеге асырылады. Солардың бірі - «ІТ-мамандарды дайындау» жобасы, - дейді И. Теренченко.

ИнЕУ оқытушысы Елена Малышеваның айтуынша, тыңдармандарды үлкен жұмыс күтіп тұр.

"Оқыту бағдарламасының көлемі өте үлкен. Оқытудағы 200 сағат бойы жастар теорияны да, практиканы да меңгеретін болады. Біз оқыту аяқталған кезде тыңдаушылар  Android қосымшасын өздігінен әзірлеу мен оны  Play Market-ке салатын деңгейге жетеді деп үміттенеміз", - дейді ол.  

Жобаның мақсаты - азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мен білікті ІТ-мамандар ортақтастығын дайындау. Жобаны іске асыру аясында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды қосқанда, бүкіл мемлекет бойынша 100 мың адамды, жыл сайын бүкіл аймақты толықтай қамти отырып 35 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Жастар сұранысқа ие цифрлық машықтар мен заманауи бағдарламалау тілдерін оқитын болады. 

Соңғы жаңалықтар