+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Nur Otan атынан СҚО мәслихаты депутаттығына үміткерлер тізімі бекітілді

2021 жылғы 14 қаңтар 03:03
Бөлісіңіз:
Nur Otan атынан СҚО мәслихаты депутаттығына үміткерлер тізімі бекітілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында облыстық мәслихаттың депутаттары ретінде тіркеуге кандидаттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды БҚО мәслихатына жаңадан хатшы сайланды БҚО мәслихатының депутаттығына кімдер сайланғаны белгілі болды

«Nur Otan» партиясының СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткер 24 адамды Бюро мүшелері дауыс беру арқылы сайлады.

Отырысты «Nur Otan» партиясының СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өткізді.

Облыстық мәслихаттағы партия фракциясының құрамы 73% жаңартылады.

Депутаттардың орташа жасы - 44. «Nur Otan» фракциясының жаңа құрамында 30% - әйелдер болса, 35 жасқа дейінгі жастар - 25%.

Сондай-ақ, бір көпбалалы ана және ерекше қажеттілігі бар 1 адам бар.

Қызметтері бойынша бөлетін болсақ, 10 адам - ауыл шаруашылығы саласының өкілі, 3 - кәсіпкер, 3 – мәдениет және спорт саласының қызметкерлері.

«Nur Otan» партиясының СҚОФ облыстық мәслихатқа үміткерлер тізімі:

1. Алпысов Ерлан Сапарбекұлы

2. Баймуратова Лилия Рашидовна

3. Барлыбаев Асхат Нағашыбайұлы

4. Бубенко Владимир Степанович

5. Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы

6. Жүкеев Серік Аманжолұлы

7. Зенченко Геннадий Геннадьевич

8. Зікірін Ерлан Елтайұлы

9. Ысқақова Орынбасар Сағандыққызы

10. Касьяненко Александр Витальевич

11. Қашаев Кенжебай Әбілқажынұлы

12. Құсайынов Бақыт Мәжитұлы

13. Левина Елена Владимировна

14. Леонтьев Сергей Геннаедьевич

15. Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы

16. Оразалин Есжан Қабиұлы

17. Рахметова Әсем Қалашбайқызы

18. Сапаров Алтынбек Сейпелұлы

19. Сұрағанова Сәуле Жайлаубайқызы

20. Тимофеева Наталья Викторовна

21. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы

22. Құдайбергенов Біржан Бақытжанұлы

23. Эктова Ирина Андреевна

24. Эрман Владимир Владимирович



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT