«Нұр Отан» Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Станислав Канкуров  «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары  болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол ҚР Қоғамдық даму  вице-министрі болған Жұлдыз Омарбекованың орнына келді.

Станислав Канкуров  1985 жылы Алматы облысында туылған. Ломоносов атындағы ММУ «Стратегиялық менеджмент», Қонаев атындағы университетті «Юриспруденция» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

«Нұр Отан» партиясында 7 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Аудандық бөлімнен қалалық филиалға дейінгі жолдан өтті. Соңғы бірнеше жылдар ішінде қалалық филиал төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Партияның Қоғамдық кеңесі қалалық  Бюросының отырысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жұлдыз Омарбековаға атқарған жемісті  жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа басшылықтың алдына принциптілік пен жүйелілікті қажет ететін бірқатар  кезек күттірмейтін міндеттерді қойды.

Соңғы жаңалықтар