Nur Otan: Ақтөбе облысының барлық ауылы ауыз сумен қамтылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Алдағы бес жылда Ақтөбе облысының барлық ауылына ауыз су жеткізіледі. Бұл туралы Алға аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлерімен онлайн кездескен Nur Otan партиясынан Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлан Давлетов айтты.

Еліміз бойынша Ақтөбеде тұрғындарды су және газбен қамтамасыз ету көрсеткіші жоғары. Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламада бұл бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруды көздейді. Қазіргі кезде облыстың барлық аудан орталығында көгілдір отын бар. Ал алдағы бес жылда тағы 104 ауыл тұрғыны газ тұтынады. Нәтижесінде өңірдің 800 мың тұрғыны, яғни, 68,9 пайызы қамтылады. Ауыз су құбырын тарту көрсеткіші 100% жетеді. 2023 жылға дейін бұл бағыттағы жұмыс толық аяқталады.

«Партия адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жеті басымдықты нақтылады. Экономика басымдығында инвесторларды тарту, шағын және орта бизнесті дамыту жоспары бар. Жыл сайын 21 мың адам жұмыспен қамтылады. Жол бойында жаңа кемпингтер салынып, туризм саласын дамыту мақсатында қонақүйлер бой көтереді. Пәтер кезегінде тұрған адамдардың баспаналы болу мүмкіндігін арттыру үшін бес жылда 3,9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Аудан, ауыл арасындағы байланысты нығайтып, транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында 2 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өтеді. Мұның бәрі бос сөз емес, нақты жоспар, атқарылатын іс. Партия халықтың тұрмыс-тіршілігін одан әрі көтеру үшін алға нақты міндет қойды. Дауыс беріп, қолдауға шақырамын. Халық демеп, сенім артса, алынбайтын қамал жоқ. Біз қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жете аламыз», - деді Нұрлан Давлетов.

Коммуналдық мекеме қызметкерлері Алға ауданындағы тұрғын үй құрылысы, жол салу, ауыз сумен қамтамасыз ету және медицина саласының даму жолын сұрады. Үміткердің айтуынша, алдағы бес жылда Алғада 5 қабатты үш тұрғын үй қолданысқа беріледі. Жыл сайын пәтер кезегінде тұрған мұқтаж отбасыларға 30 пәтер үлестіріледі.

«Халықты баспанамен қамту мәселесі әрдайым өзекті. Кез келген адам жеке үйінің болғанын қалайды. Nur Otan партиясы әр ауданда құрылыс жұмысының жүргізілуін бақылайды. Алға ауданында 2023 жылы 4 көп қабатты тұрғын үй терможаңғыртудан өтеді. 2020-2021 жылдары 41 ойын алаңының құрылысы жүргізіледі. Нәтижесінде ауданның 5 мыңға жуық тұрғыны баспанамен қамтамасыз етіледі. Ал медициналық мекемелердің жұмысына келер болсақ, біз биыл дәрігерлердің ерлігін көрдік. Олар күн-түн демей науқастардың жанында болды, бар біліктілігін ортаға салып, адам жанын арашалап қалды. Алдағы бес жылда Самбай, Маржанбұлақ, Тоқмансай, Қарабұлақ ауылдарында медициналық пункт салынады. Алға қаласындағы орталық аудандық аурухана, Қайнар, Талдысай, Сарықобда, Амангелді ауылдарындағы медициналық пункт күрделі жөндеуден өтеді. Бұл шаралардың барлығы 2025 жылға қарай адамдардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді үміткер.

Нұрлан Давлетов Алға ауданындағы жол құрылысы жұмыстарына жан-жақты тоқталды.

«Жол – әр аудан өмірінің басты артериясы. Барлық ауылда сапалы жол және жақсы инфрақұрылым болуы керек. Бүгінгі күні аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 266,3 км құрайды. Оның 135,8 км немесе 51 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Алдағы бес жылда жолдардың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту жоспарланып отыр. Барлығы аудандық маңызы бар 76 км жол жөнделеді. 2024 жылы Қарақұдық ауылынан «Ақтөбе-Орал» тас жолына дейін 8 км жол салынып, 2025 жылы Қарақұдық және Тікқайың ауылдарындағы көпір қалпына келтіріледі. Бұл шаралар 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін 15,3% -дан 81 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді үміткер.

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында қауіпсіз аймақ басымдығы туралы айтылған. Кез келген адам өзін жайлы сезінуі үшін құқық қорғау органдары тәртіпті бақылап отыр. Соңғы жылдары жаңа технологиялар енгізіле бастады. 2025 жылға дейін үш қалада жедел басқару орталығы ашылады. Олар: Ақтөбе, Шалқар және Қандыағаш қалалары. Өңірде тағы 500 камера орнатылады. Барлығы 16 учаскелік пункт жөнделеді. Қоғамдық көмекшілер саны 3 мың адамға көбейеді. Мұның бәрі қылмыстық алдын алуға бағытталған жұмыс. Алғалық жұмысшылармен кездескен үміткер Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасына жан-жақты тоқталып, ел ертеңі үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды. Партия еліміздің өркендеуі және әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмыс істей береді.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.


Соңғы жаңалықтар