Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.11 EUR 424.21
RUB 5.91 CNY 56.19
Jańalyqtar

«NUR Media» холдингіне жаңа басшы тағайындалды

2019 жылғы 16 сәуір 12:38 607
Бөлісіңіз:
«NUR Media» холдингіне жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «NUR Media» холдингіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат холдингтің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бауыржан Тортаев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды Ақмола облысы Бұланды ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «NUR Media» ұжымына холдингтің жаңа бас директорын таныстырды. Ол - белгілі журналист Әлия Бөриева.

Әлия Бөриева еңбек жолын Шымкенттегі «Отырар» телеарнасынан бастаған. Әр жылдары КТК, Qazaqstan және «Астана» телеарналарында, түрлі мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінде жұмыс істеді.

2006 жылдан бастап Әлия Бөриева «Nur Otan» партиясы орталық аппараты мен «NUR Media» холдингінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының баспасөз қызметінің басшысы лауазымына Максим Споткай тағайындалды. Ол бұған дейін партия медиа-холдингі бас директорының орынбасары болған.

«NUR Media» холдингіне жаңа басшы тағайындалды 

«Осы тағайындаулар партияның ақпараттық саясатын одан ары күшейтуге игі әсер етеді деп сенемін. Біз бірге «Nur Otan» партиясын ашық, нәтижелі, 21 ғасырдың инновациялық саяси ұйымына айналдыруға тиіспіз. Әріптестеріме сәттілік және шығармашылық табыстар тілеймін», - деді Мәулен Әшімбаев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Партиялар,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT