«Нұр Астана» газеті жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Кеше Астанада «Жауынгер-интернационалист Қазбек Әбдірахманов атындағы спорттық-патриоттық қордың» жүлдесі үшін БАҚ арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Екі айға жуық уақытқа созылған спорт бәсекесінде БАҚ командалары волейбол, шағын футбол, шахмат, дойбы сияқты спорт түрлерінен, бильярдтан сайысқан болатын. «Егемен Қазақстан», «Нұр Астана» республикалық газеттері, қалалық «Астана ақшамы» газеті сияқты мерзімді басылымдар, сондай-ақ радио стансылар қатысқан спартакиадада бас жүлдені «Нұр Астана» газеті жеңіп алды. «Нұрастаналық» журналистер волейболдан,  және шахматтан қарсыластарын ойсырата ұтып, қалған спорт түрлері бойынша әріптестерімен ұпай бөліскен еді.

БАҚ-тар арасындағы спартакиадада екінші орынды республикалық «Егемен Қазақстан» газеті, үшінші орынды «Астана ақшамы» қалалық газеті иеленді. Жеңімпаз команда арнайы кубокпен және дипломмен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар