+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

«Нұр Әлем» сферасы оқушылар мен студенттер жиі келетін орынға айналды

2018 жылғы 3 шілде 17:01
Бөлісіңіз:
«Нұр Әлем» сферасы оқушылар мен студенттер жиі келетін орынға айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, облыс әкімдіктері мен ҚР «Атамекен» ӨКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шарттары сәтті іске асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, құжат Қазақстан өңірлерінің оқушылары мен студенттері үшін Халықаралық мамандандырылған көрме мұрасы нысандарына мәдени-білім беру турларын ұйымдастыруды қамтиды.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бастап «Нұр Әлем» сферасын 32 мыңнан астам оқушы мен шамамен 6 мың студент келіп көрген.

Бастапқыда жоба физика, биология және басқа да көптеген пәндер бойынша елордалық гимназияларға ашық сабақ өткізуді жоспарлаған. Алғашқы сабақтан бастап-ақ балалардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығы арта түсті. Өйткені, теорияны қарапайым баяндағаннан гөрі, материалды интерактивті түрде жеткізген баланың есінде тез сақталады. Енді, «Нұр Әлем» сферасында ашық сабақтарды Астана қаласы ғана емес, сондай-ақ, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыс мектептері өткізе алады.

Жақында, жасалған меморандум аясында «Болашақ энергиясы» мұражайын Жамбыл облысының оқушылары тамашалады. Ұлттық компания және ұстаздар қауымы «Халқымның ұлттық дәстүрлері» тақырыбында сабақтар және әр қабатта шағын экскурсия түрінде ағылшын тілінен ашық сабақтар ұйымдастырды.

«Жоба аясында салт-дәстүрлерге арналған инсталляциялары бар зал үлкен әсер қалдырды. Оқушыларды қызықтырғаны интерактивті ашық сабақ. Балалар алған әсерлерін түрлі түсті қарандаш пен фломастерлердің көмегімен қағаз бетіне түсірді», - деді Жамбыл облыстық мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығының әлеуметтік-мәдени бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Сағындықова.

Жас суретшілер сфераның әр қабаты бойынша суреттер салып, соңында бірінші қабатта тосыннан ұйымдастырылған көрмеде балалардың қылқаламынан шыққан шығармалары барлық келушілер назарына ұсынылды.

«Нұр Әлем» сферасы 8 қабаттан тұрады. Әр деңгейінде энергия түрлерінің жарқын элементтері мен экспозициялары ұсынылған. Мысалы, екінші қабатта балалар су энергиясын өндіру тәсілдерімен, ал жетінші қабатында ғарыш энергиясымен таныса алады. Бірінші қабатта ұлттық павильон орналасқан, онда әр түрлі ландшафтар, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы ұсынылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT