Əнші Өмірқұл Айниязовқа «Қазақ тілі» медалі табыс етілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Қазақ эстрадасының белгілі əншісі Өмірқұл Айниязовқа «Қазақ тілі» медалі табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Əнші бұл жөнінде өзінің Инстаграмдағы парақшасында жариялады.

«Бұл менің тыңдармандарымның жеңісі»,- деп сүйінші сұраған Өмірқұл Айниязовты құттықтап жатқандардың қарасы қалың.

Айта кету керек, Өмірқұл Айниязов дəстүрлі əндерді эстрадаға шығарған танымал, əрі халықтың сүйікті  əншісі. «Елім менің», «Ақ жайнақ», «Ақтаңгерейдің термесі», «Байтақ елім» сынды əндерін халық сүйіп тыңдайды. Ол 1978 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Өзінің сұхбаттарында сегіз айлығынан бастап ата-əжесінің  тəрбиесінде болғанын айтқан еді. Қоңыр дауысты, тыңдарманы көп өнер тұлғасы Талдықорған қаласындағы «Сүйінбай» атындағы филармониясында да өнер көрсетті.


Құтты болсын айтып қойыңыздар.Бұл менің тыңдармандарымныңда жеңісі деп білемін👏👏👏👏👏👏

A photo posted by Өмірқұл Айниязов 🇰🇿 (@omirkul_ainiyazov) on Dec 9, 2016 at 10:34pm PST

Соңғы жаңалықтар