Новосібірлік шебер әлемдегі ең шағын кітаптарды жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібір қаласындағы микроминиатюрист Владимир Анискин әлемдегі ең шағын кітап жасап шығарды. Кітап көкнәр дәнінің кесігіне салынған.

Онда алтын пластинка орналастырылған, үстіңгі жағында кітаптың өзі, ал төменгі бөлігінде оның жекелеген парақтары бар.

Кішкентай парақшалар бұрама сымға салынып, сол арқылы парақталады. Алайда кітап парақшаларын тек өткір иненің көмегімен аударуға болады. Микроминиатюрист бір емес, осындай екі кітап шығарғанын айтты. Олардың «Солақай» деп аталатын біреуінде бүргеге таға сала алғандардың есімдері жазылған. «Әліпби» деп аталатын екінші кітапта орыс әліпбиі жазылған.

Кітаптың мәтіні лавсаннан жасалған ең жұқа қабықшаға литография техникасымен салынған. Әріптер салынған соң, қабықша кітап форматына сәйкес келетін бөліктерге кесілген.

Шағын кітаптың аумағы жапондық және омбылық шеберлер шығарған кітаптарынан тиісінше 88 және 67 есе кіші болды. Бұл кітаптың екеуі де Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Соңғы жаңалықтар