Новосібірде лотереядан рекордтық 358 млн. рубль ұтқан билет иесі табылмай жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібір қаласында бақытты лотереялық билеттің иесін таба алмай жатыр. Есімі әзірге белгісіз болып отырған адам Ресей үшін рекордтық сома - 358 млн. рубль ұтып алған.

ТАСС-тың хабарлауынша, бұл қаланың тұрғыны 358 358 456 рубль ұтқан. Оны билеттегі 11, 13, 45, 42, 1 және 7 сандары бақытты етті.

Табысқа жеткен адам ұтыс ойнатылғаннан кейін бір тәулік уақыт өткенімен, ақшасын алу үшін әлі келмеген. Оның билетті жоғалтып алуы немесе оның бар екенін ұмытып та қалуы мүмкін. Бұл жағдайда қомақты ақша сомасы лотерея қорында қалады.

Атап өтейік, Ресей үшін лотереяда бұған дейінгі рекордтық ұтыс небәрі 202 млн. рубльді құраған.

Соңғы жаңалықтар