Новосібір-Астана бағытында ұшақ қатынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамыр айының соңынан Новосібір-Астана бағытында ұшақ қатынайды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті интеграциялық құралдарды пайдалана отырып, Қазақстан мен Ресей өңірлері арасындағы көліктік қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді. Ресейлік «Сибирь» авиакомпаниясы (S7 Airlines) 2019 жылғы 28 мамырдан бастап, Новосібір-Астана бағытында тұрақты рейстерді жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) A319 типті ұшақпен орындалады", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар комитет мәліметінше, аталған әуе компаниясы Мәскеу-Семей бағыты бойынша рейс ашуды жоспарлап отыр.

"Әуе компаниясы 2019 жылдың көктемгі-жазғы навигациясында Қазақстанға ұшатын рейстерінің ұшу жиілігін арттырмақ. Мәскеу-Тараз бағытындағы әуе рейсін аптасына екі рейске дейін, Мәскеу-Орал - аптасына үш рейске дейін, Новосібір-Қарағанды -аптасына үш рейске дейін, сондай-ақ Новосібір-Өскемен бағытындағы ұшулардың жиілігін аптасына 4 рейске дейін арттыру жоспарланған", - деп атап өтеді комитеттен.

Соңғы жаңалықтар