«Новокиенка» ЖШС өңірде алғашқы болып көктемгі дала жұмыстарын аяқтады – Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы ауданындағы «Новокиенка» ЖШС өңірде алғашқы болып көктемгі дала жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.

Серіктестік директоры Павел Кузьмин жалпы 24511 гектар алқапқа дәнді дақылдар себілген болса, оның 18431 гектары бидай, 2073 гектары арпа, 3287 гектары зығыр тұқымына тиесілі деп отыр.

Еске сала кетсек, Ақмола облысының диқандары мамырдың 15-нен бастап алғашқы дәңді жерге сіңіре бастаған еді. Бүгінгі күні науқанның 80 пайызға жуығы атқарылып отыр.

Соңғы жаңалықтар