«Новая волна» байқауы: Көрермендер Димашқа гүл сыйлау үшін сахнаға ұмтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочидегі «Новая волна» жас әншілердің халықаралық байқауында алғаш рет ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш байқаудың алғашқы күні A'Studio тобының шығармашылық кешінде өнер көрсетті. Оған Ресей эстрадасының жұлдыздары, қазақстандық әншілер - The Jigits тобы мен рэппер Jah Khalib те қатысты. Димаш A'Studio-ның «Грешная страсть» композициясын орыс тілінде орындап, жиналғандардың қошеметіне бөленді.

Әннің соңында зал ду қол шапалақ соғып, гүл шоқтарын сыйлау үшін сахнаға ұмтылды. Өз кезегінде Димаш оларға алғыс білдіріп, Қазақстанға шақырды.



Жас таланттың айтуынша, ол «Новая волна» байқауының жабылу концертінде тағы ән шырқайтын болады.

«Новая волна» байқауының қонағы болып, Ресейге табан тіредік. Байқау басталды. Енді байқаудың жабылу салтанатында өнер көрсетемін. Барша көрермендерге үлкен рахмет. Сочиге келгелі әуежайда тамаша концерт қойып, дәм-тұзбен күтіп алған көрермендерімнен айналдым. Құрметтеріңізге үлкен алғыс», - деп жазды Димаш Инстаграмда. Парақшаға концерттен видео-үзінділер орналастырылған. 

Байқау басталар алдында Сочи көшелерінде Д.Құдайбергеннің фотолары бар билбордттар ілінгенін жазған болатынбыз. 

«Новая волна» байқауы 2002 жылдан бері өткізіледі. Оның негізін қалаушылар композиторлар - Игорь Крутой және Раймонд Паулс. Танымал әнші Алла Пугачева байқау қатысушыларының музасы, ол 2005 жылдан 2014 жылға дейін өзінің «Золотая звезда Аллы» сыйлығын табыс етіп келген болатын. Оның сыйлығын қатарынан екі рет алған жалғыз қатысушы - Қазақстанның «Rin'Go» тобы (2007 және 2011 жылдары).

«Новая волна-2018» байқауында Қазақстан атынан астаналық Мадияр Жүнісов (сахнада - Mad June) қатысып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"Новая волна" байқауының қонағы болып, Ресейге табан тіредік. Байқау басталды.Енді байқаудың жабылу салтанатында өнер көрсетемін. Барша көрермендерге үлкен рахмет. Сочиге келгелі әуежайда тамаша концерт қойып , дәм - тұзбен күтіп алған көрермендерімнен айналдым. Құрметтеріңізге үлкен алғыс. WELCOME TO KAZAKHSTAN 🇰🇿 😘😘😘 #DQ #Dimash #Dears Батырхан ага,манги журегимиздесин...

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Соңғы жаңалықтар