Новак Джокович теннистен әлем рекордын орнатты

None
Фото: instagram.com/djokernole
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемнің 2-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович 47-рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Н.Джокович бұл көрсеткіш жөнінен спорттағы мансабын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерерді басып озып, жекедара көш бастады.

Нью-Йоркта АҚШ ашық чемпионатында сербиялық теннисші ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцті 6:1, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Осымен Джокович АҚШ чемпионатының жартылай финалына 13-рет өтіп отыр.

Новак Джокович финалға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 10-ракеткасы Фрэнсис Тиафо немесе рейтингте 47-орында тұрған Бен Шелтонның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилина миксте жартылай финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Live рейтингте үшінші орынға көтерілді.

Испаниядағы турнирде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі.


Соңғы жаңалықтар