«Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Qazaqconcert» ұйымына сілтеме жасап.

Алғаш рет Париж қаласында 20 жыл бұрын қойылған мюзикл әлемнің 9 тіліне аударылған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауының арқасында Қазақстан атақты мюзиклді өзінің мемлекеттік тілдеріне  аударған оныншы ел болып отыр. Әлемге әйгілі қойылым отандық театр өнері үшін жаңа белес болмақ.

«Notre Dame de Paris мюзиклінің қойылымы үшін еліміздің барлық аймағынан жиналған талантты вокалистер, акробаттар мен бишілер арасында кастинг өткізілді. Кастингке мюзикл авторлары Риккардо Коччанте, қоюшы режиссер Роберт Мариен, Франция мен Қазақстанның  продюссерлері мен хореографтары жетекшілік етті.  Іріктеуден еліміздің үздік әртістері өтіп, басты рөлдерді Қайрат Сарыбаев, Дидар Абдухалык және Әділ Сұлтан,  Абай Мұхамбетжанов, Нүрпейіc Әбдураев, Серікболсын Кішкенбаев сынды т.б. танымал әншілер орындайды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар