Нотр-Дамды 5 жылда қайта қалпына келтіруге бола ма - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Ғалымдар жаттығу жасауға ыңғайлы уақытты анықтады - Science Direct
null

Ғалымдар физикалық жаттығуды кешкі уақытта жасаудың тиімділігі жоғары екенін анықтады. Cell Metabolism журналында жарияланған ғылыми мақалаға сенсек, циркадты сағат ағзаның физикалық жаттығуды қабылдауына әсер ете алады. Бұл туралы Science Direct басылымы жазды.

«Зерттеу барысында тәулік уақыты мен физикалық жаттығудың арасында байланыс бар ма деген сұраққа жауап іздеп көрдік», дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, кешке қарай физикалық жаттығу жасау тиімдірек екені анықталған. Нақтырақ айтсақ, кешке жаттығу жасау барысында кислород аз жұтылған. Яғни, бұл жаттығулардың тиімділігіне дәлел бола алады.

«1-альфа деп аталатын ақуыз физикалық жаттығулар барысында маңызды рөл атқарады және зерттеуде бұл ақуыз тәулік уақытына байланысты әртүрлі бөлінетіні белгілі болды», деп жазады басылым.

Кристина Кох ғарышта рекордты уақыт өткізетін болады - NASA
null

Кристина Кох ғарышта шамамен бір жыл уақыт өткізетін екінші ғарышкер болады, деп жазылған NASA сайтында. Агенттіктің хабарлауынша, ол ғарышта 328 күн өткізеді деп жоспарланып отыр. Ал әйелдер арасындағы рекорд - 288 күн және ол НАСА астронавты Пегги Уитсонға тиесілі. Ал ғарышта 340 күнін өткізген рекорд иесі Скотт Келли саналады.

«Скотт Келлидің ағзасы туралы зерттеулер ғарыштың адамға әсері туралы зерттеулерге жол ашқан еді. Марсқа адам жібермес бұрын ғалымдар ғарышта ұзақ уақыт өткізудің адам ағзасына әсері туралы білуі керек. NASA Адамды зерттеу бағдарламаларының бас ғылыми қызметкері Дженнифер Фогартидің айтуынша, Кристина Кох та Қызыл планетаға жетуге көмектесетін болады.

Биткоин өнер әлемін қалай өзгерте алады? - CNN
null

CNN басылымының жазуынша, былтыр Дэвид Хокни есімді британ суретшісінің еңбегі Нью-Йорктегі аукционда 90 миллионов долларға сатылыпты. Бірақ сатылымнан түскен бір де бір доллар суретшіге берілмеген. Хокни 1972 жылы өзінің жұмысын 18 000 долларға сатып, одан кейінгі сатылым ақшасы оның еңбегін соңғы сатып алған адамға тиесілі болатынын айтқан. Енді сингапур компанияларының бірі осы әдісті пайдалана отырып өнер туындыларын сату жүйесін өзгертпек.

«Инвесторлар биткойн секілді криптовалюталар арқылы өнер туындысын сатып алатын болады. Туынды бағалары акция бағаларына қарай өзгеріп отырады. Осылайша туынды авторы өз жұмысынан толығымен бас тартпайды. Бұл жас инвесторларға да жол аша алады», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, инвесторлар өнер нарығы блокчейн технолоиялары мен криптовалюталар үшін керемет мүмкіндік екенін айтқан.

Facebook 1,5 миллион адамның деректерін көшіріп алған - ВВС
null

«Facebook ешкімнің рұқсатын алмастан 1,5 миллион адамның пошта деректерін көшіріп алған. Жаңа тіркелушілер келгенде Facebook жеке парақшаның кілт сөзін сұрап, электронды пошталар арқылы телефондағы номерлерді көшіріп алған. Компания бұл жағдайды тоқтату үшін жаңа қолданушыларды тіркеу жүйесін өзгертетінін хабарлады», деп жазады ВВС басылымы.

Автордың айтуынша, бұл жағдай қауіпті көрінбегенімен, халықтың әлеуметтік желіге сенімі азайғандықтан, компанияның кез келген теріс қимылы шу шығаратын болған.

«Үш жылда Facebook еш келісімсіз 1,5 миллион адамның нөмірлерін алған. Сол арқылы әлеуметтік желідегі адамдарды тауып, номер арқылы таныстарын ұсынып отырған. Business Insider басылымының хабарлауынша, контактілерді рұқсатсыз көшіру 2016 жылыдң мамыр айында басталған», деп жазады басылым.


Нотр-Дамды бес жылда қайта қалпына келтіруге бола ма? - Le Figaro
null

«Дүйсенбі күні Нотр-Дамның өрті толық сөндірілместен шіркеу алдында Эммануэль Макрон Франция шіркеуді қайта қалпына келтіретінін айтса, келесі күні сұхбат беріп, бұл жұмыс бес жылда аяқталатынын хабарлады», деп жазады Францияның танымал басылымы Le Figaro.

Автордың жазуынша, шіркеудің қалай қалпына келтірілетінін, қандай жұмыстар атқарылатынын анықтаудың өзіне бірнеше ай уақыт керек.

«Мамандардың айтуынша, шіркеуді тура бұрынғы қалпында қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Ал оның қанша уақыт алатынын нақты айту қиын», деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар