Нотариустар еңбекақы мен коммуналдық берешекті өндіруге құқылы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрын соттар қарайтын азаматтық істердің бір бөлігі нотариустарға берілді. Меншік құқығын қорғау жөніндегі заңға сәйкес азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрлерін енді нотариустар қарастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы, еңбек ақысын өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы, сондай-ақ нотариалды куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы талаптар және басқа да талаптар ескеріліп отыр. Бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан, сотпен байланысты қиындықтарды болдырмайды», - делінген ҚР Әділет министрлігінің мәліметінде.

Сонымен қатар, балалар күтіміне алимент өндіріп алу, медиативтік келісімдерді орындау туралы және басқа да даусыз құжаттардан туындайтын азаматтық істердің 10 санаты сотта жеңілдетілген іс жүргізу нысанында қаралатын болады. Онда мәселені қарау және шешім шығару мерзімі үш күнмен шектеледі.

«Тиісті түзетулер Азаматтық процестік кодекске және «Нотариат туралы» Заңына меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заң аясында енгізілді», - деп атап өтілген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар