Нотариат туралы заңға өзгерістер енгізілді

None
None
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Нотариат туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды.

Аталған заң жобасы нотариат саласында тиімді мемлекеттік саясатты жүргізуге, саланы реттеуді жетілдіруге және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын нормаларды алып тастуға бағытталады. Бұл ретте біріншіден нотариустардың санына шектеу қою жойылады. Бұл ұсыныс Елбасының әкімшілік кедергілерді жою туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Кіру жарнасын алуға жол берілмейді. Қазіргі уақытта нотариатқа кандидат адам кіру жарнасын төлемесе ол нотариус бола алмайтыны белгілі. Кіру жарнасы бұл ретте 1 млн. теңгеден 3 млн. теңгеге дейін барады. Үшіншіден халыққа жайлы болу үшін заң жобасымен бірыңғай тұрақты тарифтер бекітілді. Бұдан бөлек, нотариустарға кандидат адамдарды аттестациядан өткізу функциясы жергілікті әділет органдарына беріледі. Квотаны жоюмен қатар, заң жобасымен мемлекеттік бақылауды күшейтуге қатысты шаралар қамтылады. Мәселен, нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар айқындалады. Атап айтқанда, жеке практикамен айналысатын нотариустың бір үй-жайы болуға тиісті. Оның үстіне лицензияны тоқтату немесе оның күшін жою үшін қосымша негіздер анықталды. Мысалы, егер нотариус есептік тіркеуге кеңседен тыс жерлерде қызмет көрсетілсе, бұл оның қызметін шектеуге алып келеді. Сонымен қатар, нотариустардың және оның палаталарының қызметіне бақылау жасау көзделетін жаңа ережелер де қамтылып отыр. Нотариустарды бақылау тәуекелді бағалау жүйесі негізінде мемлекеттік бақылау және қадағалау заңнамасы аясында жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар