Нөсербаев «Оқжетпес»​ клубына ауысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Оқжетпес»​ ​ ФК сапы Таңат Нөсербаевпен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі команданың сайтына сілтеме жасап.

«Таңат Нөсербаев Шымкент футбол клубының тәрбиеленушісі. 2006 жылы «Ордабасы» сапында алғашқы ойынын өткізді. 2011 жылы «Астана» (қазіргі «Локомотив») клубына көшті. ​ 2012 жылы 26 кездесуде 10 доп соғып, клубтың ең үздік сұр мергені атанды. ҚФФ нұсқасымен маусымның ең үздік шабуылшысы атанды.

2017 жылы Нөсербаев Шымкенттің «Ордабасы» клубымен келісімшарт жасады. 22 матчта 9 доп соғып үздік сұр мерген атанды. Қазақстан құрмасының сапында 28 ойын өткізді. «Астана» ФК сапында Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды. 2018 жылғы маусымда Қостанайдың «Тобыл» командасында өнер көрсетті», деп жазылған «Оқжетпес»​ ​ ФК ресми сайтында.

Айта кету керек, «Оқжетпес»​ клубы футболдан ҚР Премьер лигасының биылғы маусымдағы алғашқы ойынында Талдықорғанның "Жетісу" командасына 1:5 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Көкшетаулықтар тарапынан жалғыз голды Жасұлан Молдақараев салды.

Соңғы жаңалықтар