Нөсер жаңбыр, бұршақ, найзағай: Бірқатар өңірлерде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірлерде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Осы күні Қостанай қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

7 маусымда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде - 15-20, екпіні - 25 м/с жетеді.

Өскемен қаласында найзағай жарқылдайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

7 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 7-8 маусымда кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 7 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде екпіні - 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с болады. 8 маусымда жел екпіні кей жерлерде - 15-20 м/с.

Петропавл қаласында 7-8 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні - 15-20 м/с, 7 маусым күндіз жел 25 м/с дейін күшейеді.

7-9 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл сақталады. Күндіз кей жерлерінде бұршақ жауады. 7, 8, 9 маусым күндері солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жел жылдамдығы - 15-20 м/с, 8 маусымда - 23 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 7-8 маусымда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жауады. 7-8 маусым күндері солтүстік-батыстан, батыстан күшті жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

7 маусым күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с.

Түркістан қаласында осы күні солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

7 маусымда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар