+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

«Норвегияның Арктика жарысы»: Луценко мәреге үшінші болып жетті

2019 жылғы 18 тамыз 13:46
Бөлісіңіз:
«Норвегияның Арктика жарысы»: Луценко мәреге үшінші болып жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алексей Луценко бастаған «Астана» велокомандасы «Норвегияның Арктика жарысының» ең қиын кезеңін жақсы нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Күрестен әлем чемпионатының қорытындысы: Қазақстан 7 медаль, 8 жолдама алды Ақтоты Райымқұлова болашақ чемпиондармен кездесті ҚХЛ: «Барыс»  Алматыда «Тракторды» тізе бүктірді

Арктика жарысының «Корольдік кезең» деп аталатын осы бөлігі Норвегияның Нурланн облысындағы (фюльке) Мельбу елді мекенінің жанындағы биік Сторхейя тауының ұшар басында аяқталды.

Жарыстың биік шыңға өрмелеген соңғы бөлігінде Алексей Луценко жақсы дайындалғанын көрсете білді. Сөйтіп, жарыс жолының ой-қырын жақсы білетін жергілікті велошабандоз Одд Кристиан Айкинг және франциялық Варрен Баргидің ізін ала мәреге үшінші болып жетті.

«Соңғы көтерілу қиынға соқты. Мен соңына дейін күрестім. Үшінші болып келсем де, өкінбеймін, өйткені қолымнан келгеннің бәрін істедім. Бүкіл командаға алғыс айтамын, жігіттер мен үшін көп еңбек етті», - дейді Алексей Луценко.

Жалпы жарыстың аяқталуына бір кезең қалды. Қазір бас квалификацияда Варрен Баргий көш бастап тұр, ал екінші орындағы Алексей Луценко одан үш-ақ секунд артта келеді. «Астананың» басқа мүшелері Уго Уль бесінші (+0.30), ал Магнус Корт алтыншы (+0.35) орында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT