+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Норвегияны фашистерден азат етуге қатысқан 66 қазақстандықтың есімі белгілі болды

2020 жылғы 13 мамыр 17:15
Бөлісіңіз:
Норвегияны фашистерден азат етуге қатысқан 66 қазақстандықтың есімі белгілі болды

ОСЛО. ҚазАқпарат - Еліміздің Норвегиядағы елшілігі Скандинав елін азат ету жолында мерт болған 66 қазақстандық сарбаздың есімін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Олар бірнеше атқыштар дивизиясының және 69, 72-теңіз атқыштар бригадасының құрамында соғысып, Петсамо-Киркенес операциясында ажал құшқан.

Сондай-ақ дипломаттар Солтүстік флоттағы шайқас кезінде ерлікпен қаза тапқан 10 қазақстандық теңіз жаяу әскері, жойғыш-ұшқыштың жерленген жерін тапты.

Жалпы, Норвегияны фашистерден қорғау кезінде 13 мың Кеңес жауынгері мерт болған. Ослодағы зиратта батырлардың құрметіне арнайы ескерткіш қойылған.

Сол ескерткішке көппен бірге Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Еркін Ахынжанов та гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым етті.

Елшілік ұжымы Норвегиядағы шайқаста, тұтқындар лагерінде қаза болған жерлестеріміздің есімін анықтау жұмыстарын жалғастыра бермек.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT