Норвегиялық БАҚ Денис Тен туралы: Ол халықтың сүйіктісі еді

None
None
ОСЛО. ҚазАқпарат - Новегияның іргелі БАҚ-тары қазақстандық спортшы Денис Теннің қазасы туралы ақпаратқа үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың тілшісі.

«25 жастағы Денис Тен Алматы қаласының орталығында қастандықтан мерт болды. Спортшы пышақ жарақатынан ауруханаға жеткенше үш литр қан жоғалтты», - айтты  «TV 2» телеарнасының тілшісі Оле Хенрик Хансен өз репортажында.

«TV 2» корреспонденті Денис Теннің Сочи Олимпиадасында қол медаль жеңіп алғанын, оған дейін Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленгенін, өз елінің беткеұстар спортшысы болғанын еске салды.

Норвегияның ірі басылымы - «Aftenposten» газеті Денис Тен өлімінің себептері туралы материалда Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың көңіл айтуын келтірген: «Денис Тен тамаша спортшы және өз спорт түрінің ғажап елшісі еді. Мұндай жастың қыршыннан қиылуы - орны толмас қайғы».

«Dagbladet» газеті «Олимпиада жұлдызы көше ортасында мерт болды» тақырыбында мақала жариялады. Мақалада бейтаныс ер адамдардың шабуылынан соң, спортшының үш  сағат бойы өмір мен өлім арасында күрескені, дәрігерлердің оның өмірін сақтап қала алмағаны жазылған.

Сондай-ақ,  «Dagbladeт» «Eurosport» арнасының сарапшысы Лиз Рёсто Енсеннің қайғылы хабарды естіп, есеңгіреп қалғанын жазған. Л. Енсен Денисті «Өз заманының тартымды әрі танымал атлеті» деп бағалаған.

«Eurosport» сарапшысы Денистің өмірде көпшіл, достарының көп болғанын, жарақат алса да, бірнеше жобаға қатысқанын еске салды.

«Ол халықтың сүйіктісі еді», - дейді Л. Енсен.

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. 

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті - 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Сондай-ақ,  Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген.

Ал Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды.

Соңғы жаңалықтар