Норвегиядағы сайлау: оппозиция алда келе жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Норвегиядағы парламент сайлауында оппозиялық левоцентристік блок көш бастап келе жатыр. Бұған алдын ала есептелген дауыс санының нәтижесі дәлел болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы қызметіне үміткер Йонас Гар Стёре бастаған жұмыс тобы Орталық партиясымен және социалистермен бірге Стортингте 100-ден астам орын алуы мүмкін.

Бұл дегеніміз консерваторлар сегіз жылдық кезеңнен кейін биліктен кетеді дегенді білдіреді.

Қазіргі премьер Эрна Сульбергтің «Хёйре» партиясынан депутаттық мандаттар саны 70-тен аз.


Соңғы жаңалықтар