Норвегиядағы «Гауһар лигасы» кезеңі: Ольга Рыпакова 14,12 метрге секірді

None
None
ОСЛО. ҚазАқпарат - Норвегия астанасы Осло қаласында жеңіл атлеттер арасында «Гауһар лигасы» кезеңі өтті. Жарыстың үш қарғып секіру бағдарламасына қатысқан қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 14,12 метр нәтижемен 6-орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс жеңімпазы Рио Олимпиадасының чемпионы, колумбиялық Катерин Ибаргуэн (14, 89 метр нәтижесімен) болды. Екінші орынды америкалық  Тори Франклин (14,57 м) иеленді. Рыпакованың бұрынғы қарсыласы ямайкалық Кимберли Уильямс үздік үштікті тұйықтады. Ол 14,5 метр қашықтыққа секірді.
nullnull

Рыпакова үшін бұл бастапқы кезең. Ольга жарыстың алдында берген сұхбатында ағымдағы маусымға біртіндеп «кіріп жатқанын» мойындап, Ослода өзінен қандай да бір маңызды нәтиже күтпеулерін атап өткен еді. Оның айтуынша, биыл ол үшін тамыз айында Индонезияда өтетін Азиада басты ойын болмақ.
null

Норвегия астанасында өткен жарыс - «Гауһар лиганың» екінші кезеңі. Оның бағдарламасына әйелдер арасындағы үш қарғып секіру кірді. Рыпаковаға қолдау көрсету үшін Қазақстан елшілігінің қызметкерлері мен қазақстандық диаспораның өкілдері келді. «Гауһар лиганың» бірінші кезеңі 12 мамырда Шанхайда өтті. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар