+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Норвегияда коронавирустың әлі күнге дейін белгісіз мутациясы анықталды

2020 жылғы 20 қазан 15:00
Бөлісіңіз:
Норвегияда коронавирустың әлі күнге дейін белгісіз мутациясы анықталды

ОСЛО. ҚазАқпарат – Норвегияның Тронхейм қалашығында коронавирустың әлі күнге дейін белгісіз мутациясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Local Norway-ға сілтеме жасап.

Жұма күні вирустың үлгілері талдау жасау үшін Тронхеймнен Норвегияның қоғамдық денсаулық сақтау институтына (NIPH) жолданды, деп жазады басылым.

Тронхеймнің бас дәрігері Туве Ресстад қалада анықталған коронавирустың мутациясы Норвегияның өзінде анықталмаған деп санайды.

«Норвегияның қоғамдық денсаулық сақтау институты бұған дейін осындай мутацияға тап болған жоқ», - деп мәлімдеді Ресстад Verdens Gang газетіне.

Қазіргі кезде Тронхеймде коронавирус жұқтырудың 35 оқиғасы расталған, тағы 1500 адам байланыста болғандар ретінде карантинде отыр. Демалыс күндері қалада ауруға шалдығудың сегіз жаңа оқиғасы тіркелді, соның ішінде алтауы жергілікті үш шағын кәсіпорын – Еdge шаштаразы, Barmuda бары және Lille London пабымен байланысты.

Ресстад коронавирустың бұл түрі басқаларына қарағанда одан да жұқпалы екеніне сенім жоқ екенін атап өтті. Норвегиялық мамандар үшін сондай-ақ аталған мутацияның тағы қандай сипаттамалары бар екені белгісіз болып отыр.

Ресстадтың айтуынша, коронавирустың жаңа түрін жұқтыру үшін ауырған адаммен тығыз байланыста болу міндетті емес. Ол сондай-ақ адамдардың вирустың бұл жаңа түрін тез жұқтырып алатынын қосып өтті – вирус өзін басқаша танытады.

Verdens Gang басылымы Норвегияның қоғамдық денсаулық сақтау институтынан вирустың жаңа мутациясының үлгілерін талдау бойынша түсініктеме сұрағанын қосып өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT