+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Норвегияда апатқа ұшыраған кемеде екі қазақстандық бар болып шықты

2019 жылғы 25 наурыз 03:37
Бөлісіңіз:
Норвегияда апатқа ұшыраған кемеде екі қазақстандық бар болып шықты

СТАВАНГЕР. ҚазАқпарат - Сенбі күні апатқа ұшыраған «Викинг Скай» круиз лайнері Молде айлағына келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпаратттың меншікті тілшісі.

Кеме экипажының мүшелері дауыл кезінде аяқ астынан істен шыққан кеме қозғалтқышын өз күшімен жөндеуді бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Сөйтіп олар қозғалтқышты ішінара оталдырып, буксир катерлерінің көмегімен Молде жағалауына жетіп жығылды.

Еске сала кетейік, эвакуация жұмыстары түні бойы жалғасты. Толқындардың биіктігі үш қабатты үйдің биіктігімен бірдей болды. Круиз лайнерінің жолаушыларын тікұшақпен тасымалдауға тура келді. Төтенше жағдай кезінде көп адамның бойын қорқыныш билеп, бұрын мұндай жағдайды көрмегендіктен қатты үрейленгендерін жасыра алмады.

Нәтижесінде 463 адам әуе тасымалы арқылы жағалауға жеткізілді. Негізі кеме бортында экипажды қосқанда барлығы 1373 жолаушы болатын.

Сонымен қатар, экипаж мүшелері арасында Қазақстанның екі азаматшасы бар болып шықты. Бұл ақпаратты Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі де растады. Елшіліктің мәліметінше, бұл мәселе біздің дипломатиялық миссияның ерекше бақылауында.

«Викинг Скай» бортындағы біздің екі азаматша оқыс оқиғадан кейін үйреншікті режімде жұмысын жалғастырған. Олар бізден көмек сұраған жоқ», - деді еліміздің Ослодағы консулы Азат Мәтенов.

Оның сөзінше, дипломаттар оқиға туралы ести салысымен бірден жергілікті билік өкілдеріне хабарласқан.

Қазіргі уақытта алаңдайтын ештеңе жоқ. «Викинг Скай» жолаушылары мен экипажы жергілікті қонақ үйге жеткізілген. Ол жерде барлығына тиісті көмек көрсетіледі.

Автор: Ілияс Омаров

Фото: AFP

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT