USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді

2019 жылғы 11 желтоқсан 16:18
Бөлісіңіз:
Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Норвегия Корольдігіндегі Ставангер қаласында режиссер Джефф Веспа түсірген «Әміре» фильмі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Әнші Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін кинотуынды Ставангер қаласындағы Odeon Kino кинотеатрында көрсетілді. Бұл мәдени іс-шараны Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырған.

«Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Ол 1925 жылы Париждегі ЭКСПО көрмесі аясында дүниежүзілік музыка конкурсына қатысып, Еуропа жұршылығына алғаш болып қазақтың дәстүрлі ән орындау өнерін және ұлттық аспап домбыраны паш еткен», - деді көрсетілім алдында Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркін Ахинжанов .

Норвегиялық көрермендерді, кинодағы қазақ даласының қайталанбас табиғаты таңқалдырған.

«Әміре» фильмі қазақ мәдениетімен жақын танысуға, сондай-ақ ешкімге де белгісіз әрі қызықты жәйттарды білуге мүмкіндік береді. Бұл туынды тілі мен саяси көзқарастарға қарамастан адамдарды байланыстыра алатын музыканың құдыретті күші туралы. Фильмде қазақ даласының қайталанбас табиғаты да көркем суреттелген», - деді норвегиялық көрермен Рон-Эрик Слетвик.

Айта кетсек, шара аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесері өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT