Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Норвегия жағалауында 1,3 мың адамы бар круиздік кеме апатқа ұшырады

2019 жылғы 24 наурыз 09:09 1038
Бөлісіңіз:
Норвегия жағалауында 1,3 мың адамы бар круиздік кеме апатқа ұшырады

НҰР-АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегияның батыс жағалауында апатқа ұшыраған круиздік кемеден 1 300 жолаушы эвакуациялану керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Жергіліктің биліктің мәліметінше, «Викинг-Скай» кемесінің қозғалытқышы істен шыққан. Ондағы адамдардың бәрі жағалауға жеткізіліп жатыр. Эвакуациялауға бес тікұшақ пен бірнеше кеме жұмылдырылды.

Норвегияның құтқару агенттігі кеме жергілікті уақытпен 14.00-де дабыл белгісін жібергенін хабарлады. Бұл уақытта теңізде қатты жел соғып, үлкен толқындар болған.

Лайнер Тромседен Ставангер портына рейспен бара жатқан. Бұл маң Хустадвика деп аталады, бұл - Норвегияның ең қауіпті жағалауы саналады.

Қазір нақтыланбаған мәліметке сәйкес жағалауға шамамен 100-ге жуық адам ғана жеткізілген.

Кеме жағалаудан 5 шақырым жерде тұр. Құтқарушылардың айтуынша, ол зәкір тастаған, сондықтан жағалауға соғылмауы тиіс. Сонымен қатар, бір қозғалтқыш іске қосылып қауіпті аздап сейілткен. Бортта зардап шеккен ешкім жоқ.

Жергіліктің биліктің мәліметінше, қазір желдің жылдамдығы секундына 20 метр, ал толқындардың биіктігі 10 метрге жетеді. Осының салдарынан жергілікті кемелер лайнерге жақын келе алмай отыр. Эвакуация тек тікұшақ көмегімен жүргізілуде.

Құтқарылғандар жағалаудағы спорт кешеніне және қонақ үйлерге орналастырылып жатыр.

Еске сала кетсек, мұхиттық сыныптағы «Викинг-Скай» круиздік лайнері алғаш 2017 жылы жүзуге аттанды. Кеме 930 жолаушы алып жүре алады. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT