Норвегия премьер-министрі жұмыс үстінде Pokemon Go ойнапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Норвегия премьер-министрі Эрна Сольберг парламенттегі дебат кезінде Pokemon Go ойынын ойнап отырған. Үкімет басшысының покемондарды аулап отырған фотосуреті норвегиялық БАҚ-қа белгілі болып қалды.

Nyheder басылымының хабарлауынша, оқиға сейсенбі күні 4 қазанда болған. Бұл уақытта Норвегия Либералды партиясының жетекшісі Трине Скей Гранде мінберде сөз сөйлеп тұрған. Тамыз айында Гранде де қорғаныс жөніндегі отырыста дәл осы ойынмен ұсталған еді.

Сольбергтің айтуынша, ол өз қылығынан еш сөкеттік көріп отырған жоқ. «Менің ойымша, Трине мінберге шыққанда ойын ойнағаныма қуануы тиіс», - деп мәлімдеді ол TV2 телеарнасына берген сұхбатта.

Өз кезегінде Гранде оқиғаға пікір білдіруді сұрағандарға қалжыңмен жауап қайтарды. «Ол менің айтқанымды тыңдап отырды. Біз, әйелдер, біз мезгілде барлығына үлгереміз», - деп жазды өзінің Twitter парақшасында.

Соңғы жаңалықтар