+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Норвегия полициясы Конгсбергтегі шабуылды теракт деп атады

2021 жылғы 15 қазан 08:25
Бөлісіңіз:
Норвегия полициясы Конгсбергтегі шабуылды теракт деп атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Норвегия полициясы бес адам қаза тапқан шабуылды террористік әрекет деп мәлімдеді. Сәрсенбі күні 37 жастағы ер адам Норвегияның Конгсберг қаласында садақтан оқ жаудырған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Румен Радев Болгарияның президенті болып қайта сайланды Болгарияда туристер автобусы апатқа ұшырап, 45 адам қаза тапты Германия мен Аустрия коронавирусқа қатысты шектеуді күшейтті

Бұған дейін бірнеше уақыт бұрын ол ислам дінін қабылдағаны белгілі болған. Қаскүнем діни теріс ағым өкілі ретінде құқық қорғаушылардың көзіне түскен екен. Алайда, оның неліктен шабуыл жасағаны белгісіз. Өңірлік полиция бөлімінің басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлері соңғы рет ол туралы ақпаратты 2020 жылы сұратқанын мәлімдеді.

«Норвегияда террористік қауіп деңгейі бұрынғыша төмен деп есептеледі», - делінген Норвегия полиция қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, 13 қазанда кешкі алтыдан кейін басталған. Мерген өз құрбандарына бірнеше жерде, соның ішінде супермаркетте шабуылдаған. БАҚ хабарлауынша, ер адам өзімен бірге басқа қару да ұстап жүрген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT