Норвегия Қазақстанмен туризм және сауда саласындағы ынтымақтастықты жетілдіруге ниетті

None
None
қпанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Норвегия Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты тек энергетикада ғана емес, сонымен қатар туризм және сауда саласында жетілдіруге ниетті.

Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен өткен кездесуден кейінгі брифингте Норвегия Корольдігінің мұрагер ханзадасы Хокон Магнус мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде Норвегия мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығының маңызды саласы ретінде энергетика белгіленіп отырғанын жеткізген ол, бүгін Қазақстан мен Норвегияның осы саладағы өкілдері өте ынталы кездесу өткізгенін атап өтті. Осы орайда ол Каспий теңізі аумағында норвегиялық компаниялар өте белсенді түрде жұмыс атқарып жатқанын жеткізді.

«Бүгінгі бизнес-форум қызық, әрі нәтижелі болды. Біз экономикалық ынтымақтастықты тек энергетикада ғана емес, сонымен қатар туризм және сауда саласында жетілдіруге ниеттіміз», деді Норвегия Корольдігінің мұрагер ханзадасы Хокон Магнус.

Соңғы жаңалықтар