Норвегия басылымы QazVac вакцинасының ерекшелігін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Норвегия елінің Steigan.no ақпараттық-сараптамалық порталы Қазақстанда коронавирусқа қарсы шығарылған вакцина туралы мақала жариялады. Онда QazVac вакцинасын әзірлеу және тестілеу кезеңдері туралы егжей-тегжейлі баяндап, сондай-ақ, аталған оқиғаның мәні туралы комментарий ұсынған.

«Бұл жаңалық кем дегенде бірнеше маңызды аспектіден тұрады+. Қазақстанның өз вакцинасын шығаруы таңғалдырып жатқан жоқ. Өз вакцинасын шығару бағытында бірнеше ел жұмыс атқаруда. Қазақстанда осыны жүзеге асыратын зерттеушілік орта бар. Біздің ойымызша, бұл вакцинаның оқшауланып, секвенцияланған нақты Covid-19 вирусының негізінде шығарылғаны қызық болып отыр.

Біздің түсінгеніміз, тіпті фармацевтикалық алыптардың ең танымал вакциналары да вирус бөлігінің өзінен емес, компьютерлік модель негізінде шығарылады», - деп атап өтті Steigan.no.

Басылым QazVac вакцинасын эксперименталдық элементтері жоқ дәстүрлі вакцина деп атаған.

«Басқа маңызды ақпарат – бұл вакцинаны сақтау үшін ең төмен температура қажет емес, оған тоңазытқыштағы қалыпты температура да жеткілікті. Бұл оны көпшілікке, соның ішінде кедей елдер үшін қолжетімді етіп отыр», - деп түйіндеді Steigan.no.

Автор: Ілияс Омаров


Соңғы жаңалықтар