Нормативтік техникалық ысыраптарды төмендетудің жиынтық тиімділігі 2,8 млрд. теңгені құрады -Үкімет сағаты

None
None
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатында қабылданған заң нәтижесінде, елімізде нормативтік техникалық ысыраптарды төмендетудің жиынтық тиімділігі 2,8 млрд. теңгені құрап отыр.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұның ішінде сумен жабдықтау саласындағы тиімділік көрсеткіші 1 млрд. теңгеге, электр және жылу энергетикасы саласында 1,8 млрд. теңгеге жуық болып отыр. Яғни, бұның барлығы дағдарыс кезеңінде қабылданған заңның нормаларын қолдану нәтижесінде тұтынушылар тарапынан үнемделген қаражат болып табылады», деді Нұрлан Алдабергенов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері энергияны үнемдеу шаралары аясында және нормативтік техникалық ысыраптарды бекіту бойынша 3254 өтінім қаралған. Соның нәтижесінде 117 субъектіге техникалық шығындар  1,1 пайыздан 18,4 пайызға дейін төмендетіліп бекітілген. 16 субъектіге шығындар бұрынғы деңгейде бекітілсе, жаңадан құрылған 60 субъекті бойынша тиісті шешім қабылданған. Ал 2 өтінім бойынша қосымша нысандарды алуына байланысты нормативтік ысырапты шығындарды көтеру туралы шешім қабылданған.

Соңғы жаңалықтар