Нормативтік-құқықтық актілердің түпнұсқасын қазақ тілінде жазу қашан заңмен міндеттеледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында нормативтік-құқықтық актілердің түпнұсқасын қазақ тілінде жазу қашан заңмен міндеттелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерін әзірлеудің сапасы мен түпнұсқалылығын қамтамасыз етуге арналған бірнеше құжат бар. Атап айтсақ, бұл мәселе Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдамасында, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында көрсетілген және оларда мынадай іс-шаралар көзделген.

«Біріншіден, қазақ және орыс тілдеріндегі НҚА мәтіндерінің мағыналық сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық базаға толығымен терең тексеру жүргізу көзделген (мерзімі – 2023 жылғы II тоқсан);

Екіншіден, НҚА жобаларын орыс тіліне аударуды қамтамасыз ете отырып, оларды қазақ тілінде әзірлеу міндетін кезең-кезеңімен заңнамалық бекіту жоспарланған (мерзімі - 2024 жылғы наурыз)», - деп жазады Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар