Норимаса Шимомура ҚР Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзіне баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі, Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркте, БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзіне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тоқаев мырзаның БҰҰ алаңында сөз сөйлеуін көргенімізге қуанышты болдық. Ол институттық сәулет қазіргі уақытта Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарын енгізу үшін қолға алынғандығын атап өтті. Сіздердің елдеріңіз 2019 жылдың сәуірінде Тұрақты даму мақсаттары бойынша алғашқы форумды өткізген еді. Қазақстан осы жылдың шілде айында БҰҰ-да Тұрақты даму мақсаттары бойынша шолуын ұсынды. Тұрақты даму мақсаттары елдің саясатына сәйкес аяда жүргізіліп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытта тиімді қаржылдандыру және Ислам азық-түлік қауіпсіздік қызметін ілгерілету маңыздылығын атап өтті», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Осы ретте БҰҰ өкілі ҚР Президентінің Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңіраралық орталығын құруды ұсынғандығын атап өтті. Аталған орталықтың бүкіл Орталық Азия елдері мен Ауғанстанды қамтитындығын айтты.

«Президент Тоқаев сонымен қатар, жанжалдар, сенімнің жоқтығы, әлеуметтік мәселелердің арасындағы ара жіктің ажырауы - мұның барлығы Орталық Азия елдерінің тыныс-тіршілігі үшін айтарлықтай сын-тегеуірін екендігін атап өтті. Қазақстанның бұл бағыттағы өз жалғасын тауып жатқан күш-жігеріне назар ауартты», - деді Норимаса Шимомура.

Соңғы жаңалықтар