NOMAD MMA: Қарағандыда алғаш рет ашық Азия чемпионаты өтті
Іс-шараны NOMAD MMA Бүкіләлемдік Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.
Жарысқа 10 және одан жоғары жастағы 632 спортшы қатысты. Азия чемпионатында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Бангладеш, Ауғанстан, Пәкістан, Иран және Әзірбайжанда өткен іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары бас қосып, бақ таластырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спорт түрінде спортшылардың қауіпсіздігіне басты назар аударылады. Шектеулер мен ережелер бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. ММА-да мектеп жасындағы спортшылар өте көп болғандықтан осындай шаралар қолданылады. Мұның барлығын жаңа спорт түрін көруге және өз елдерінде NOMAD ММА одан әрі дамыту туралы келіссөздер жүргізуге келген шетелдік өкілдер атап өтті.
Айта кету керек, келесі жылы Әлем чемпионатына қатысуға 20-дан астам ел ниет білдірді.
«Бүгінгі жарысқа келген елдердің өкілдері барлығымызға Азия ойындары мен Ислам ойындарына бірігу және кіру керектігі туралы бізбен келіссөздер жүргізді. Оларға біздің жекпе-жекте спортқа басты назар аударылатыны, физикалық факторлар да ескерілетіні ұнады», - деді NOMAD MMA Федерациясының Президенті Гаджи Гаджиев.
NOMAD MMA Азия федерациясының өкілдері келесі жылы Азия чемпионатын Иран мен Пәкістанда өткізуді ұсынды.
«Өткен жылдан бастап біз көптеген жарыстар ұйымдастырдық. Пәкістанда NOMAD MMA ұйымы бар. Бұл спорт түрі өз ережелері, ұйым деңгейі бойынша да өте ұнайды. Сонымен қатар, біз қазақстандық спорт түрі Жапонияда каратэ, Кореяда таэквондо секілді дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Біз NOMAD MMA жекпе-жегі Олимпиада ойындары деңгейінде болады деп жоспарлап отырмыз. Әрине, ол үшін жаттықтырушылар мен төрешілерге, спортшылар үшін жауынгерлік жүйе бойынша семинарлар өткізу қажет. Сондай-ақ ұйымда жылдық жоспар болуы тиіс, оған сәйкес әр төрт ай сайын осы семинарларды әртүрлі елдерде өткізу қажет. NOMAD MMA қазақ спорт мәдениетінің үлгісі болып табылады», - деді NOMAD MMA Азия федерациясының президенті Захир Хусейн Салвери.
Сонымен қатар, қазақстандық спортшылар басқа да жарыстарға шақырту алды.
«Қаңтар айында Сауд Арабиясында «Көшпенділер шайқасы» өтеді. Бұл жекпе-жек түрі қазақ жерінде бұрыннан болмағанымен танымал спорт түріне айналды. Біздің балалар 10 жылдан астам осы спорт түрімен айналысады. Сондықтан біз қатысуға шешім қабылдадық», - деді NOMAD MMA Федерациясының Президенті Гаджи Гаджиев.
Азия чемпионатында спортшылар 60 санат бойынша жарысты. Жалпыкомандалық есепте 46 «алтын», 44 «күміс» және 44 қола медаль алып, барлығы 135 медальмен қазақстандық спортшылар бірінші орынды иеленді. Екінші орында 15 медаль алған ресейліктер болды. Оның 7-уi алтын, 5-уi күміс және 4-уi қола. Үшінші орынға 11 медальмен Пәкістан құрамасы тұрақтады.