+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Нөлінші сынып оқулықтары бірден латын әліпбиінде шығарылады

2018 жылғы 25 сәуір 15:38
Бөлісіңіз:
Нөлінші сынып оқулықтары бірден латын әліпбиінде шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нөлінші сыныпқа арналған оқулықтар бірден латын әліпбиінде басып шығарылатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жұмысты айтсақ, балабақшалар санын көбейттік. Әсіресе жекеменшік балабақшалар көптеп ашылды. Қазір балаларды балабақшалармен қамту көрсеткіштері 90,5 пайызға жетті. Біздің алғашқы жоспарымызда нөлінші сыныпты енгізу 2019 жылға қойылған. Бүгінде бірыңғай бағдарламасы мен мұғалімдерді дайындау кестесі дайын, оқулықтар экспертизаға жіберілді», - деді министр.

Осы орайда ол ендігі уақытта 400 мыңға жуық балаға нөлінші сыныптың жаңа оқулықтарын басып шығару қажеттігін атап өтті.

«Латын әліпбиіне көшетін болғасын, оқулықтарды біржола латынша басқан жөн деп санаймыз. Бұл қаражат жағынан да тиімді. Сондықтан нөлінші сыныпты енгізу 2020 жылға латын әліпбиінде қойылып отыр», - деді Ерлан Сағадиев.

Оның атап өтуінше, латынға көшуге байланысты 4 комиссия жұмыс істеп жатыр.

«Терминологиялық және әдістімелік комиссиясын Білім министрлігі басқарады. Осы мәселе бойынша қазір көп жұмыстар жасап жатырмыз. 2020 жылға дейін нөлінші сыныпты ашуға дайын боламыз», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT