Нокдаун және нокаут: Айдос Медет Алматыдағы кеште жеңіске жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Медет (5-0, 3 КО) Алматыда өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

20 жастағы қазақстандықтың оппоненті өзінен екі жас үлкен украиналық Павел Трипутень (2-7-1) болды.

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек 6 раундқа есептелген болатын. Алайда ол екінші раундта аяқталды. Айдос қарсыласын алдымен нокдаунға, кейіннен нокаутқа жіберді.

Осылайша, А.Медет профи-рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал П.Трипутень сегізінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Айдос әуесқой бокста кадеттер арасында Қазақстан чемпионы болған еді.


Соңғы жаңалықтар