Нокаутшы Айдос Ербосынұлы үш титул үшін намибиялық боксшымен айқасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ бокс мектебінің түлегі Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) 24 наурыз күні Алматыда WBA Intercontinental, WBC Asia және WBO Global белбеулері үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсіпқой боксшының мүддесін қорғайтын Suleimen Promotions компаниясы таратқан ақпаратқа сенсек, Айдосқа «Талқандаушы» (Demolisher) деген атпен танылған намибиялық боксшы Лукас Ндафолума (15-1, 6 КО) қарсылас болады.

Еске сала кетейік, Мәскеудің «Крылья Советов» спорт кешенінде өткізген соңғы жекпе-жегінде Айдос бельгиялық Илиас Ачергуиді (12-4-1, 6 КО) жеңіп, WBO Global белбеуін иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар