Нокаут алған Айдос Ербосынұлының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ – дәрігерлер

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Suleimen Promotions компаниясы өздерінің Instagram парақшасында қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлем чемпионы титулы үшін болған жекпе-жектен кейін Айдос Ербосынұлы Миннеаполистегі ең жақсы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен демалыс күндері супер орта салмақта WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы титулы үшін өткен жекпе-жекте Ербосынұлы кубалық Давид Моррельден ауыр нокаут алып, жеңіліп қалған болатын.

Кейіннен ауруханаға жеткізілген еді. Бүгін Айдостың жасанды комада жатқаны белгілі болды.




Фото: instagram.com/suleimen_promotions_official



Соңғы жаңалықтар