Нобель сыйлығының лауреаты Тони Моррисон өмірден озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты Тони Моррисон 88 жасында қайтыс болды. Моррисонның өмірден озғанын баспагер Альфред Кнопф растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press-ке сілтеме жасап.

Жазушы Нью-Йорк медициналық орталығында көз жұмды.

Тони Моррисон (Хлоя Арделия Уоффорд) 1931 жылы Огайо штатында дүниеге келген. Университетті аяқтаған соң ағылшын тілі және әдебиеті пәнінің ұстазы, баспа редакторы болып қызмет атқарған. Алғашқы «Ең көк көздер» романын 1970 жылы жазып шықты. 1988 жылы «Сүйікті» романы үшін Пулитцер сыйлығын иеленген. 1993 жылы жазушы ретінде Нобель сыйлығын алған алғашқы қара нәсілді әйел атанды. Ол өзінің арман мен поэзияға толы романында америкалық шындықтың маңызды қырын жандандыра білген жазушы.


Соңғы жаңалықтар