Нобель сыйлығының иегерлері болашақ энергиясын ілгерілету манифестін әзірледі - АЭФ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем ғалымдары болашақ энергиясын ілгерілету манифестін әзірледі. Бұл туралы бүгін Global Challenges Summit 2018 форумының екінші күнгі жалпы отырысында Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Кумар Пачаури айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астананың «ЭКСПО-2017» идеясы әлемге таралуының жалғасуы өте маңызды. Біз осы жерде арнайы манифест дайындағанымызды атап өткім келеді. Ол бүкіл әлемдегі Нобель сыйлығының лауреаттарын қоса алғанда жоғары деңгейдегі 12 адамнан тұратын ұйымдастыру комитеті тарапынан әзірленді. Бұл манифестте бүкіл әлемге Астананың «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі идеясының жетуі үшін Қазақстан тарапынан қанадй бастамалар көтерілуі тиістігі айтылған», - деді ол.

Оның айтуынша, құжаттағы маңызды ұсыныстардың бірі болашақ энергиясының жаһандық институтын құру төңірегінде болып отыр.

«Әлемнің бүкіл елдерімен ұлттық деңгейде байланыс орната алатын дәл сондай институт құрылатын болса, онда бұл біз үшін ең алдымен әлемнің әрбір елі үшін жол картасын әзірлеуді жеңілдете түсер еді», - Раджендра Кумар Пачаури.

Нобель сыйлығының лауреатының атап өтуінше, аталған институт бұл саладағы әлемдік білімді топтастырып, оңтайлы технологиялық шешімдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Энергетикалық сектор осыдан 50 жыл бұрынғы білімге арқа сүйеп отыр. Мәселен, көмірсутек шикізатын жағатын жылу электр стансалар. Меніңше бұл өте ескі технология. Басқа да тәсілдері бар. Электрмен жабдықтау жүйесі соңғы 5-6 жылдың ішінде айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Меніңше, мұны институттық проблема деп атауға болады. Қазақстан тамаша ел және оның басшылығы болашақ энергиясы жаһандық институтын құру арқылы бұл олқылықтың орнын толтыра алар еді», - деді Раджендра Кумар Пачаури.
null
null

Соңғы жаңалықтар