Нобель сыйлығының иегері Р. Манделлдің қатысуымен G-Global жобасының «Ай тұлғасы» онлайн конференциясы іске қосылды

None
None
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - G-Global инфо-коммуникациялық алаңында G-Global жобасының «Ай тұлғасы» атты интерактивті онлайн конференциясы іске қосылды. 2013 жылдың маусым айында «Ай тұлғасы» болып экономика саласы бойынша 1999 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл атанды. Бұл туралы «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының баспасөз қызметінен хабарланды.

Профессор, халықаралық стандартты макроэкономикалық модельдің негізін қалаушы Роберт Манделл - халықаралық экономиканың экономикалық теориясы туралы талай мақалалар мен ғылыми жұмыстардың авторы. Профессор Еуропаның бірегей валютасын шығару туралы алғаш жоспар дайындаған тұлғалардың бірі. Роберт Манделл мырзаны «еуроның әкесі» деп те атайды. Ол - кіріс пен инфляция теориясын, валюталық және фискальді саясатты өзара біріктіру теориясын ойлап тапқан ғалым. Конференция тақырыбы «Еуро аймағы және оның тұрақтануы» болып белгіленген. Онлайн-конференция сілтемесі: http://group-global.org/person/view/117914

Роберт Манделлдың қатысуымен «Ай тұлғасы» атты интерактивті онлайн конференциясы 30 маусымға дейін жалғасады.

Тоқтала кетейік, «Ай тұлғасы» - Дүниежүзіне танымал сарапшылардың қатысуымен өтетін интерактивті онлайн конференция. Ай сайын конференция барысында www.group-global.org сайтында шақырылған тұлға онлайн режимінде портал қатысушыларының сұрақтарына жауап береді, пікірін білдіріп, кеңес береді. Пікірталасқа кез-келген адам қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар