Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

НКОК компаниясы Каспийде 544 мың құс барын есептеді

2019 жылғы 18 сәуір 09:23 505
Бөлісіңіз:
НКОК компаниясы Каспийде 544 мың құс барын есептеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Қашаған кен орнын өңдейтін «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жағалауында 544 мың құс барын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұнай өнімдерімен су мен жерді ластаған қос кәсіпорынға айыппұл салынды Ақтөбе қаласының ортасындағы өзен құрғап кетті

«Компания 2000 жылдан бері жыл сайын құстарды зерттейді: көктем және күз мезгілдерінде жылына екі рет бақылау жүргізеді. Орнитологиялық зерттеулер Еділ сағасынан Ембі сағасына дейін, Атыраудан Ақтауға дейінгі аралықты қамтиды. Зерттеушілер тобының құрамына орнитология саласындағы ҚР жетекші мамандары, Атырау және Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторлары, сондай-ақ НКОК экологтары кіреді», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

2018 жылы күзгі миграция кезінде құстар популяцияның тығыздығы жоғары болған.

«Қазанда зерттеу жүргізу кезінде 544 мың құс есептелді. Бұл бұған дейінгі көрсеткіштердің ішіндегі ең жоғарысы. Сыбырлауық аққудың саны 2000 жылдан бергі көрсеткіштердің ішінде ең жоғары деңгейге жетіп, 91 000 құрады. Құстардың мекендейтін орындары де өзгеріп жатыр. Комсомолец шығанағының шығыс бөлігін қоқиқаздар мен сыбырлауық аққулар мекендемейтін болған, себебі теңіз деңгейінің төмендеуі салдарынан суы тартылған. Ембі өзенінің сағасы да, Еділ мен Жайық өзендерінің сағасы арасындағы аумақ та дәл осындай жағдайда. Осыған байланысты құстар Түлен аралдары аумағындағы жылы және шағын суларға шоғырлануда», - деді компанияның баспасөз қызметінен.


Автор: А. Соколов


 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT