Ниязби, Сарқырама, Көктоғай: Астана маңындағы Лесная полянаның атауы өзгеруі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Қосшы қаласына қарасты «Лесная поляна» шағынауданының атауы өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты ауданда Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлының қатысуымен халық тыңдауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында Қосшы тұрғындары арасынан «Сарқырама», «Нияз би» және «Көктоғай» секілді бірнеше атау ұсынды. Жиынға қатысқан Қосшы қаласының тұрғыны жазушы, журналист Бақытбек Қадырдың айтуынша, кез-келген елдімекенге жаңа атау ұсыну - тарихи топоминдерге негізделеді. Осындай ономастиканың механизмдері бар. Осы ретте «Лесная поляна» шағынауданы жеке елдімекен емес. Бұл Қосшы қаласына қарасты шағынаудан. Оған тарихи атау берудің керегі жоқ. Екінші шағынаудан атауларына адам есімін беру - өткен дәуірден қалған нәрсе. Жаңа жерге жаңа атау керек. Лесная поляна - орманды алқап деген сөз. Дұрыстап қазақшаға аударсақ Көктоғай деуге болады. Мұндай қазақта жер-су атаулары тәжірибеде бар. Мәселен, Көкбекті, Көкжыра немесе Ақтоғай, Сартоғай т.б.

Сондықтан мен осы шағынауданның атауы «Көктоғай» болғанын жөн көремін. Менімен бірге осында тұратын бір топ зиялы азаматтар да мен айтқан атауды ұсынып отыр. Ономастика комиссиясы жергілікті тұрғындардың уәжін ескереді деп есептеймін», дейді Бақытбек Қадыр.

Айта кетейік, қоғамдық талқылаудың соңында жиынға келген барлық қатысушылар өздерінің ұсынған атауларын әкімшіліктің берген өтініш қағазына жазып қалдырды. Ұйымдаструшылар осы ұсынылған атауларды қортындылап, оны облыстық ономастикалық комиссияға тапсыратынын айтты.


Фото: yvision.kz


Соңғы жаңалықтар